Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

Қоғам
Ерлан Қарин: Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Заң және Тәртіп» қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді («Әділдік» – 84,1%, «Заң және Тәртіп» – 83,5%, «Еңбек» – 83,4%).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді, деп жазды Ерлан Қарин.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу