Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ержан Максим халықаралық әншілер конкурсында Гран-при жеңіп алды

Мәдениет
Ержан Максим халықаралық әншілер конкурсында Гран-при жеңіп алды

Ержан Максим Дубайда өткен Sanremo Best Song ән байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

SANREMO BEST SONG 2025 DUBAI халықаралық әншілер конкурсын бағындыру бұйырған екен қадірменді ағайын. Ендеше ерекше сезіммен осы жеңісімді барлық менің өнерімді бағалап,осы күнге дейін мені қолдап жүретін қазақ еліме басымды иемін!!! Бірақ, осы жолы бесіктен осы күнге мәпелеп өсірген, өнеріме бар өмірін арнаған анам мен әкешіме арнағым да келеді! Тұған туыс пен жақындарыма,ұстаздарым мен достарыма және барлық қолдау білдірген жан ағаларыма!!!, деп жазды ол.

Орал қаласының тумасы, 17 жастағы әнші «Голос. Дети» тележобасына қатысқаннан кейін танымал болған еді. Бұл жоба Ресейдің «Бірінші арнасында» көрсетілді. Сондай-ақ, ол көптеген отандық және халықаралық вокалдық байқауда да өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге жетті.

Фото: instagram/maksim_erjan

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу