Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

FlyArystan басшысы ұшаққа отырғызылмаған қыздың анасынан кешірім сұрады

Қоғам
FlyArystan басшысы ұшаққа отырғызылмаған қыздың анасынан кешірім сұрады

FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер ұшаққа отырғызылмаған 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуе компаниясы кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен қосымша бөліседі, деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 21 шілдеде болған оқиға туралы анасы Жазира Мусина әлеуметтік желіге жазған еді. Зере мен Зәуре есімді егіз қыздары АҚШ-тан қайтып келе жатқанда Оралға Астана арқылы Оралға транзитпен жетуі керек болған. Бірақ әуе компаниясы олардың біреуін ғана тіркеген. Соның кесірінен Зере ұшаққа жіберілмей, кейінгі ұшаққа отырғызылған.

Фото: Көлік министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу