Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Фототұзаққа үш барыс қатар ілікті

Оқиға
Фототұзаққа үш барыс қатар ілікті

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Аршаты орманшылығында фототұзаққа үш барыс ілікті.

Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің қызметкерлері бұл ерекше жағдай екенін айтып отыр. Себебі барыс фототұзаққа екі күшігімен түсіп қалған.

- Фототұзақты Алматы қаласының Зоология институтының қызметкерлері мен Аршаты орманшылығының инспекторлары бірге құрған болатын. Барыс екі күшігімен түсіп қалыпты. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Демек, олар осы жақты тұрақты мекендейді деген сөз. Бұған дейін біздің территорияға кіріп-шығып жүретін. Фототұзаққа күшіктерімен бірге түсіп қалғаны – барыстардың қазір осы жақты тұрақты мекендеп жатқанының дәлелі, - деді ұлттық парк директорының орынбасары Арнас Ауғонбаев.

Фото: jspix / imageBROKER.com / Global Look Press

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу