freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гагарин өлімінің шынайы себебі ашылды: Кремль 50 жыл жасырған құпия мәлім болды

Әлем
Гагарин өлімінің шынайы себебі ашылды: Кремль 50 жыл жасырған құпия мәлім болды
Malim.kz коллажы

Кеңес Одағының тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин басқа ұшақтың қауіпті маневрі салдарынан қаза тапқан. Талай жыл құпия жатқан осы бір деректі Алексей Леонов көпшілікке жеткізген еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Леоновтың айтуынша, ресми қорытындыда Гагарин басқарған ұшақ күрт бұрылыс жасап, штопорға түсіп, жерге соғылғаны жазылған. Алайда ол бұл нұсқамен келіспейтінін айтып, шын мәнінде оқиға басқаша болғанын жеткізді.

Оның мәліметінше, 1968 жылғы 27 наурызда Гагарин мен нұсқаушысы Серегин ұшып жүрген аймақта рұқсатсыз тағы бір ұшақ – Су-15 пайда болған. Бұл ұшақты басқарған ұшқыш қауіпсіздік талаптарын бұзып, тым төмен биіктікке түскен.

Леоновтың сөзінше, Су-15 ұшағы Гагариннің ұшағына өте жақын – шамамен 1015 метр қашықтықта бұлт ішінен өтіп, күшті ауа толқынын тудырған. Соның әсерінен Гагариннің ұшағы басқарудан шығып, штопорға (терең спиральға) түсіп, шамамен 750 км/сағ жылдамдықпен құлаған.

Ұшақ бір жарым айналым жасап, штопордан шығуға әрекеттенгенімен, жерге соғылып, экипаж қаза тапқан.

Леонов бұл деректер құпия құжаттарды ашу арқылы расталғанын айтып, бұл жай ғана болжам емес, нақты себеп екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл апатқа басты себеп – тәртіптің сақталмауы мен ұшу режимінің бұзылуы.

Сондай-ақ ол комиссия мүшелері шындықты білгенімен, оны жасырып келгенін өкінішпен айтты.

Су-15 ұшағын басқарған ұшқыштың аты-жөнін Леонов жария етпеді. Оның айтуынша, бұл ақпаратты айтуға рұқсат берілгенімен, ұшқыштың жасы 80-нен асқан және денсаулығы ауыр болғандықтан, ол есімін атамауға уәде берген.

Бұған дейін ғарышкер Юрий Гагариннің алғаш рет космосты бағындырып, ол жақта кездескен таңғажайып оқиғасын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу