Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың мәрттігін көпке үлгі етті

Шоу-бизнес
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың мәрттігін көпке үлгі етті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың халықты қалай қуантатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Шоу-бизнес өкілі ұлының сахнадағы жомарт мінезін де айтып өтті. 

Көз тимесін деп үстіне осылай жылтыр костюм тіктіруші едік. Қолына тағатын жүзіктің де тасы жылтыр болатын. Костюм тіктіруден үлгермейтін едік. Өйткені елге үстінен шешіп, сыйлап кететін. Әсіресе алтын сағаттарының ақшасы төленбей, сыйлап жіберетін, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Одан кейін бір концерттен қалай шаршап, тамағы қарлығып шығатынын да жеткізді. 

Концертті түгел жалғыз өзі жасап беріп, тамағы ісіп, қарлығып қалатын. Сондай кезде дуэт айтатындарға қызығатын. Әр әнші сөзін айтып жатқанда, екінші әнші демалып алатын. Ол күндер де өз қызығымен кетті. Бтлет жетпей күніне 3-4 концерт қоятын кездер-ай. Ентігіп тұрғанда билеп айту да оңай емес. Үстінен тер сорғалап, екінші концертке дейін кептіргішпен әрең кептіріп үлгеретін едік, – деп өткен күнді есіне алды продюсер. 

Фото: elordainfo.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу