Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдайды

Қоғам
ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдайды

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастырды. Кездесуге БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің атынан келген Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова ЛГБТ насихатына қарсы заң жобасын қолдайтынын айтты. Комитеттің UNICEF-пен бірлесіп жүргізген сауалнамасына қатысқан балалардың 11%-ы жеке танымайтын адамдарға өз суреттерін жібергенін мойындаған. 19 балаға суретін сұрап, ақша ұсынған. Ал 15 баланы экранның ар жағындағы «досы» кездесуге шақырған. 83 бала жыныстық сипаттағы хабарлама алғанын мәлім еткен көрінеді.

Ішкі істер министрлігінің атынан сөз алған Азаматтық полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров та ЛГБТ-ға қарсы заң қабылдау ұсынысын қолдайтынын айтты. Балаларға жыныстық күш көрсету фактілерінде кәмелетке толмағандардың үлесі баршылық екенін нақты мысалдармен баяндаған ІІМ өкілі мұндай бассыздықтардың артында ЛГГБТ насихаты жатуы да мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін БҰҰ Қазақстан билігіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауды ұсынған болатын. 

Кеше Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петиция көпшілік талқысына шығарылды.

Коллаж: Ulysmedia

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу