Иран аумағында атып түсірілген америкалық әскери ұшақтың экипаж мүшесі құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп 5 сәуір, жексенбі күні Truth Social желісіндегі мәлімдеме сәйкес, жараланған әскери қызметкер полковник шенінде болған, алайда оның өміріне қауіп жоқ. «Ол бізде!» деп жазды Ақ үй басшысы.
АҚШ әскери күштері құтқару операциясын жүргізген. Операция кезінде қақтығыс аймағында қатты атыс болғаны хабарланды. Бұл туралы Al Jazeera АҚШ әкімшілігіндегі аты-жөнін жарияламаған дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Ал Ислам революциясы сақшылар корпусына жақын Tasnim агенттігі бұл аймақтың бұған дейін әуе шабуылына ұшырағанын мәлімдеген.