Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль Йемен астанасына қайтадан әуе шабуылын жасады

Әлем
Израиль Йемен астанасына қайтадан әуе шабуылын жасады

Израильдің әскери ұшақтары жексенбі күні Йемен астанасы Сана қаласындағы үкіметтік және әскери нысандарға бірқатар әуе соққысын жасады, деп жазды Синьхуа агенттігі.


«Аль-Масира» телеарнасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар әуе шабуылдары президент сарайы, астаналық хатшылық ғимараты, мемлекеттік мұнай компаниясының ғимараты, жанармай қоймалары мен электр станциялары орналасқан қаланың орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде болғанын хабарлаған.

Сондай-ақ, бірнеше нысанда ондаған жарылыс пен өрт шыққаны, оқиға орындарына жедел жәрдем көліктері жеткені туралы айтылды. Медицина қызметкерлері құрбандар барын мәлімдеді, алайда ресми деректер әзірге жарияланған жоқ.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац шабуыл жасалғанын растады, бірақ егжей-тегжейін ашпады. Израильдің әскери радиосы әуе шабуылдарының аяқталғанын, мақсат ретінде электр станциялары, президент сарайы мен жанармай қоймасы таңдалғанын хабарлады.

Фото:  x.com / @idfonline

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу