Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль Сирия Қарулы күштерінің Бас штабына соққы жасады

Әлем
Израиль Сирия Қарулы күштерінің Бас штабына соққы жасады

Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Сирия астанасы Дамасктегі Қарулы күштердің Бас штабы орналасқан ғимараттың кіреберісіне әуе соққысы жасады. Бұл туралы 16 шілде күні Израиль армиясының Telegram арнасында мәлім болды, деп хабарлайды Malim.kz.

«ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігінде друз халқының бейбіт тұрғындарына қарсы режимнің әрекеттерін бақылап отыр. Саяси басшылықтың нұсқауларына сәйкес, армия осы аймақта соққы беруді жалғастырады және түрлі сценарийлерге дайын», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сириядағы Адам құқықтарын бақылау кеңесі шабуыл салдарынан екі адамның жараланғанын хабарлады. Аталмыш соққылар истребительдердің көмегімен Бас штаб маңында жасалған, деп жазды dpa агенттігі.

Басылымның мәліметінше, друз қауымының көптеген өкілдері ЦАХАЛ қатарына ерікті ретінде қосылуда, ал Израиль оларды одақтас ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Reuters агенттігі оқиға куәгеріне сілтеме жасап, Израильдің тағы бір әуе соққысы Дамасктегі президент сарайының маңына жасалғанын хабарлады.

Фото: Louai Beshara/AFP/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу