freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израильде тәжірибе жинаған ғалым Қазақстанға не үшін оралғанын айтты

Білім-ғылым
Израильде тәжірибе жинаған ғалым Қазақстанға не үшін оралғанын айтты
Фото: pixabay

Қазақстандық ғалым Жадырасын Нұрбекова ғылымдағы тәжірибесі мен елдегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол бакалавр және магистратураны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тәмамдап, кейін Израильдегі Бен-Гурион университетінде PhD қорғаған. Сондай-ақ осы елде жеті жыл жұмыс істеп, Жапония мен Германияда ғылыми тәжірибе жинаған.

2023 жылы Қазақстанға оралып, қазіргі уақытта ЕҰУ-да доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істейді. Ғалымның зерттеу бағыты – өсімдіктер физиологиясы мен агробиотехнология.

2024 жылы халықаралық әріптестермен бірге өсімдіктердің қартаюына жауап беретін геннің қызметін анықтаған.

Оның айтуынша, Қазақстан ғылымы дамып келеді, алайда шетелмен салыстырғанда инфрақұрылым мен жүйелік айырмашылықтар бар. Мәселен, кей елдерде зертханалар тәулік бойы ашық болса, студенттерге ғылыми жобалар үшін арнайы қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар елде жас ғалымдарға қолдау күшейген. Атап айтқанда, тұрғын үй бағдарламалары, гранттық қаржыландыру және шетелдік тағылымдамалар қолжетімді. Университеттерде ғылыми жобаларды коммерцияландыруға бағытталған бағдарламалар іске қосылған.

Дегенмен, салада шешімін күтетін мәселелер де бар. Олардың қатарында ғылымға бөлінетін қаржының төмендігі, жеке инвестицияның аздығы және өңірлік теңсіздік бар.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл проблемаларды шешу үшін жаңа заң әзірлеген. Құжат ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды күшейтіп, бизнес инвестициясын тартуға және өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ғылым дамуының жаңа кезеңі басталып отыр. Бірақ оның экономикаға нақты әсерін арттыру үшін жүйелі жұмыс қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу