Мюнхенде өтіп жатқан 62-ші халықаралық қауіпсіздік конференциясында Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас Ресейдің супердержава емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Украина аумағындағы он жылдан астам соғыс барысында Ресей айтарлықтай ілгерілемеген, ал оның құны шамамен 1,2 млн адамның өмірімен өлшенген.
Ресейдің жағдайы
Каллас Ресей экономикасы әлсіреп, еуропалық энергетикалық нарықтан шеттетілгенін, ал азаматтарының елден кетіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, басты қауіп — Ресей келіссөздер үстелінде соғыс алаңына қарағанда көбірек ұтып кетуі мүмкін.
Еуропаның ұстанымы
Каллас Еуропа келіссөздерге қатысумен ғана шектелмей, нақты талаптар қоюы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, егер Украина армиясы шектелсе, Ресей әскері де шектелуі керек. Сонымен қатар, Ресей Украинаға келтірген залал үшін өтемақы төлеуі, әскери қылмыскерлерге амнистия жасалмауы және депортацияланған украиналық балалар қайтарылуы тиіс.