Каспий теңізінде 6 күн бұрын жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Марқұмның денесі 26 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында оқиға болған жерден 9 шақырым қашықтықтан табылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, арнайы техника, жүзу құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері жұмылдырылды.
Еске салсақ, 21 маусымда жігіттің жабдықталмаған жағажайда шомылу кезінде суға кеткені хабарланған болатын.