freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда жүргізуші тағы да педальдарды шатастырып, баланы қағып кетті

Оқиға
Көкшетауда жүргізуші тағы да педальдарды шатастырып, баланы қағып кетті
Фото: видеодан кадр

Көкшетауда жеңіл автокөлік тротуарға шығып кетіп, кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.

Жол апаты 19 мамыр күні болған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеода көліктің кенеттен тізгінге бағынбай, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткені байқалады.

Алдын ала болжам бойынша, әйел жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып басқан болуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жеткен. Белгілі болғандай, сол сәтте қыз бала анасымен бірге тротуарда тұрған.

Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған қыз жеңіл жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.

Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, оқиға бойынша материалдар жинақталып, жүргізуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, бұған дейін 10 мамыр күні Көкшетауда осыған ұқсас қайғылы оқиға болған еді. Ол кезде көлік қаққан әйел адам көз жұмған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу