freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конституция күні өзгеруі мүмкін бе? Вице-министр ел күтпеген мәлімдеме жасады

Қоғам
Конституция күні өзгеруі мүмкін бе? Вице-министр ел күтпеген мәлімдеме жасады
t.me/consot_kz

Қазақстанда жаңа Конституция қабылданған жағдайда Конституция күнін атап өту мерзімі қайта қаралуы ықтимал. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Informburo.kz тілшісінің сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Конституциялық комиссия құрамындағы кейбір мүшелер жаңа Негізгі заң қабылданған жағдайда мерекелік күнді өзгерту орынды деген пікір білдірген. Алайда бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

"Мұндай ұсыныстың айтылғанын естідім. Кейбіреулер оны қисынды деп санайды. Бірақ қазір қандай да бір болжам жасауға ерте. Алдымен Конституциялық комиссия өз жұмысын толық аяқтауы керек. Одан кейін бұл тақырыпқа қайта ораламыз. Атқарушы орган ретінде біз заңнамалық рәсімдерге сай әрекет етеміз. Әзірге комиссия жұмысының аяқталуын күтіп отырмыз. Кейін референдум өтеді, содан соң тиісті шешімдер қабылданады", – деді Евгений Кочетов.

Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасына қоғам тарапынан көптеген ұсыныс пен пікір келіп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, 31 қаңтарда Конституциялық комиссия елдің жаңа Негізгі заңының жобасын көпшілікке ұсынған болатын. Құжаттың түпкілікті нұсқасы жалпыұлттық референдумда бекітіледі, алайда оның нақты уақыты әзірге белгіленбеген.

Бұған дейін Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізу жоспарланып отырғаны, бұл қолданыстағы мәтіннің шамамен 84 пайызына сәйкес келетіні хабарланған. Алайда 29 қаңтардағы талқылау кезінде комиссия мүшелері ұсынылған түзетулер көлемі жаңа Конституция қабылдауды талап етеді деген қорытындыға келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу