Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көпбалалы аналарға жеңілдік жасалады - Жаң заң жобасы мақұлданды

Сұқбат
Көпбалалы аналарға жеңілдік жасалады - Жаң заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс көлік мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжатта көпбалалы аналар үшін бірқатар жеңілдік қарастырылған. 

Заң жобасына халықтың әлеуметтік осал топтарына қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. Мысалы, олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағыттары бойынша тегін жүре алады. 

Аталған жеңілдік халықты келесі топтары үшін жарамды:

  • "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған/ бұрын "Батыр ана" атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • I топтағы мүгедектер.
  • 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет бағасының жартысын төлейді.

Айта кетейік, елімізде 65 022 "Алтын алқа", 137 675 "Күміс алқа" иегері атанса, 15 669 адам "Батыр ана" атағын алған, 12 260 ана І және ІІ екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған.  І топтағы мүгедектер – 69 444, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 724 178.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу