Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

Аналитика
Көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Тараздың көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты. Мұны айырбастау пунктеріндегі шетелдік валюта бағамын онлайн-режимде көрсететін kurs.kz сайтынан көруге болады.

Нұр-Сұлтан қаласында көптеген айырбастау пунктері халықтан доллар және еуро сатып алып жатқанымен, шетелдік валюта сатуды түгелдей дерлік тоқтатқан. Kurs.kz сайтында көрсетілген бас қаладағы айырбастау пунктерінің бірде-бірі доллар сатып жатқан жоқ.

 

Kurs.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматыдағы көптеген айырбастау пунктері де доллар сатуды тоқтатқан.

Шымкенттегі айырбастау пунктері доллар мен еуроны мүлде сатпай жатыр.

 

Kurs.kz тізіміндегі Тараздың айырбастау пунктері де доллар сатуды тоқтатқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу