Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Көз ілмедік». Қайрат Нұртастың Атыраудағы концерті неге өтпегені анықталды

Шоу-бизнес
«Көз ілмедік». Қайрат Нұртастың Атыраудағы концерті неге өтпегені анықталды

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова концерттің өтпейтінін мәлімдеп, тұрғындардан билет ақшасын қайтарып алуды сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Махамбет драма театрындағы Қайрат Нұртастың ән кеші болмайды. Ұйымдастырушылардың кесірінен концерт қоюдан бас тартуға мәжбүрміз. Билеттеріңіздің ақшасын ұйымдастыруды қолға алған компаниядан қайтарып аласыздар. Қайрат Нұртастың командасы концертке дайын екенін хабарлап, жолға шығатынымызды айтқанда, олардан ешқандай кері байланыс ала алмадық. Сіздерден тудырған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз! – деп жазды продюсер. 

Айдарбекова ұйымдастыруды өз мойнына алған компанияның неге бұлай жауапсыздық танытқанын түсіне алмай дал.

Түнгі сағат 12-ге дейін жауап күтумен болдық. Командадағы адамдардың жартысына билет алынып, қалғанына алынбаған еді. Тұтқаны мүлдем көтермейді. Қатты уайымға салынып, көз ілмедік. Амал жоқ, ұшпадық. Концерт көреміз деп алынған билеттің ақшасын қайтарып алыңыздар! Пәлен жыл жұмыс істеген ұйым дәл осылай ұятқа қалдырады деп ойламадық. Біз жақтан айып жоқ. Жолға дайын отыр едік. Қолымызда бүкіл айғақ бар, – деді өнер иесінің продюсері. 

Фото: instagram.com/kair_n

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу