Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Кремльде өткен Ресей-АҚШ келіссөздері туралы мәлімдеме жасап, кездесуді «өте пайдалы, конструктив және мазмұнды» деп бағалады. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды. Келіссөздер шамамен бес сағатқа созылған.
Ушаковтың айтуынша, тараптар – АҚШ бұрын Мәскеуге жолдаған құжаттар топтамасын талқылаған.
«Біз америкалық әріптестермен олар ұсынған жобалар мен құжаттардың мазмұнын қарастырдық. Алғашқы жоспардан бөлек, соңғы уақытта тағы төрт құжат алдық», – деді ол.
Президент көмекшісі ұсыныстардың мазмұны мен мәні бойынша пікір алмасу ғана болғанын атап өтті.
«Кейбір бағыттар біз үшін қолайлы, ал кейбір ұсыныстарды президент ашық түрде сынады. Тіпті кейбіріне үзілді-кесілді қарсы екенімізді жасырмады», – деді Ушаков.
ТАСС-тың мәліметінше, Ушаков «Украина бойынша әзірге ымыралы шешім жоқ» екенін растады. Оның сөзінше, АҚШ жоспарындағы кейбір тұстар Ресейге қолайлылау болғанымен, кейбірі мүлдем үйлеспейді. Сондай-ақ, тараптар «дағдарысты шешу үшін міндетті түрде қаралуы тиіс территория мәселелерін» талқыланыпты.
Ушаковтың айтуынша, Владимир Путин АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф арқылы Дональд Трампқа «достық сәлемін» және бірқатар саяси сипаттағы сигналын жолдаған. Сонымен бірге, Ресей мен АҚШ келіссөздердің мазмұнын жария етпеуге уағдаласқан.
Журналистердің: «бұл келіссөздерден кейін бейбітшілік жақындады ма, әлде алыстады ма?» деген сұрағына Ушаков:
«Әйтеуір алыстаған жоқ», – деп жауап беріпті.