Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты

Malim Админ

  • 29.11.2024

Алматыда қайғылы оқиғаға әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Анель Сартаеваваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін прокурор соттан А.Сартаеваны кінәлі деп танып, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Сондай-ақ, жол апатынан қаза болған марқұмның отбасы жүргізушіні кешіргені туралы жазылды. 

Еске салайық, 26 маусым күні қоғамдық көлік пен жеңіл машина соқтығысқан еді. Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты. Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады. 

Автобустың апатқа ұшырауына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған. 

Фото: stan.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді