freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Мәскеуден Қазақстанға жеткізілді

Құқық
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Мәскеуден Қазақстанға жеткізілді
Фото: ашық дереккөз

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2019 жылғы ақпанда Ақмола облысындағы кен орнынан құрамында алтын бар кенді өндіруге келісімшарт жасасуға көмектесуге уәде берген. Осылайша ол үш азаматты алдап, олардың 500 мың долларын иемденген.

Сонымен қатар 2021 жылы күдікті екі кәсіпкерге «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен жол құрылысы жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасасуға жәрдемдесетінін айтып, олардан 93,4 млн теңге алған.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Өткен жылдың қыркүйегінде ол Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу