Ақмола облысында үш зейнеткер 6 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойған

Полиция дропперлерді дереу ұстаған

Мәди Саматұлы

  • 26.10.2024

Көкшетауда полицейлер екі дропперді қолға түсірді. Олар, 18 жастағы жігіттер үш ақмолалық зейнеткерден 6 миллион теңгеден астам ақша алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, Көкшетаудың үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болған. Зейнеткерлердің телефондарына 22 және 23 қазанда бірдей ақпаратпен қоңырау түскен. Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелерінің жол-көлік оқиғаларына тап болғанын хабарлады. Сөйтіп, алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынып, зейнеткерлерді алдап, соңғы жинақтарын алып қойған.

Зейнеткерлерден ақшалай қаражатты Көкшетауға Алматыдан келген 18 жастағы екі курьер алған. Полиция дропперлерді дереу анықтап, ізін суытпай ұстаған.

Жастардың айтуынша, оларға жеңіл табыс телеграмм қосымшасында ұсынылған. Курьердің жұмысына не кіретінін түсіне отырып, жастар кураторлардың нұсқауы бойынша Көкшетауға келген. Екі күн ішінде олар үш мекенжайды айналып өтіп, қорыққан зейнеткерлерден ақшаларын алған. Олар қолма-қол ақшаны жұмыс беруші көрсеткен шоттарға аударған, деп жазды polisia.kz.

Қазір барлық үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жастар ұсталып, олардан жауап алынып жатыр.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

26.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды