Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда көшедегі кісілерді жабылып соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды

Құқық
Ақтауда көшедегі кісілерді жабылып соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды

Бұзақылардың әрекетін куәгерлер әлеуметтік желіде жариялаған. Lada Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме бергенін жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода бірнеше жасөспірім алдымен бір адамға, одан соң екіншісіне тиіседі. Сөйтіп бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен.

Белгілі болғаны, бейнекадрлар 4 қазанда 26 шағынауданда түсірілген. Полиция департаменті барлық күдіктінің анықталғанын және ұсталғанын хабарлады. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Заңды өкілдері кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ӘҚБтК 127-бабы). Жаза 10 АЕК, яғни 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырады.

Құқықбұзушылар профилактикалық есепке қойылған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу басталған.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу