Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

Тергеу барысы облыс прокуроры Х. Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Malim Админ

  • 26.04.2024

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен үлескерлердің ақшасын жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды.

Тергеу барысы облыс прокуроры Х. Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

Биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр