Астаналық шенеунік салықты қайтару үшін кәсіпкерден пара алған

3,6 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды

Malim Админ

  • 09.10.2024

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы кәсіпкерден қосылған құн салығын қайтаруға көмектескені үшін пара алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының қосылған құн салығы (ҚҚС) аудит бөлімінің басшысы Р. Тілегеновке қатысты үкім шығарды. Ол ЖШС директорынан қосылған құн салығын қайтаруға (36 млн теңге) көмектесіп, 3,6 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сот үкімімен лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Freepik 

Байланысты жаналықтар

Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды

03.03.2025

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

15.01.2025

Ішкі істер министрлігінің «Еңбек» кәсіпорны басшылары жемқорлықпен әшкереленді

08.01.2025

Бұрын пара үшін сотталған шенеунік Хоккей федерациясын басқаратын болды

06.01.2025

Шымкентте экс-судьяға қатысты тергеу аяқталды

12.12.2024

Ақтөбеде тасқын болып жатқанда 600 мың теңге пара алған

26.11.2024
MalimBlocks
Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Ішкі істер министрлігінің «Еңбек» кәсіпорны басшылары жемқорлықпен әшкереленді

Директор орынбасары мен басқарма бастығы пара алды деп күдікке ілінген

Бұрын пара үшін сотталған шенеунік Хоккей федерациясын басқаратын болды

Шымкентте экс-судьяға қатысты тергеу аяқталды

Ақтөбеде тасқын болып жатқанда 600 мың теңге пара алған

Пара берген компания басшысы да жазасыз қалмады