Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау балабақшасындағы бала өліміне қатысты іс қозғалды

Құқық
Атырау балабақшасындағы бала өліміне қатысты іс қозғалды

Биыл 10 шілдеде сағат 11:05-те Атырау қаласындағы «Чебурашка» балабақшасында төрт жасар бала кәріз құдығына құлап қайтыс болды. Соған байланысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, сол күні Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласының ПБ-ның УҰИ-на оқшауландырылған.

Ал 12 шілде күні сот шешімімен оларға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Айта кетейік, мұның алдында Атырау қаласындағы балабақшалардың бірінде 4 жасар баланың септикке батып көз жұмғанын жазған едік.

Фото: pixebel

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу