Атырауда ойын алаңына бөлінген 1 миллиард теңге игерілмеген

Шенеунік 2023 жылдың аяғы немесе 2024 жылдың басына қарай балалар спорт алаңдарын пайдалана алатынын айтқан болатын

Malim Админ

  • 16.09.2024

Былтыр «Жаңа адамдар» қозғалысы Атыраудағы құрылысы бітпеген 25 спорт алаңының мәселесіне әкімшілік назарын аударған еді. Нысандардың құрылысына 1,2 млрд теңге бөлінген, бірақ 5 жыл ішінде бұл алаңдар салынбаған.


Өткен көктемде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов Жаңа адамдарға және бүкіл елге камера алдында 2023 жылдың аяғы немесе 2024 жылдың басына қарай балалар спорт алаңдары қолданысқа берілетінін айтқан.

«Халық қаһары» азаматтық науқанының белсенділері Нұржан Ермұханов уәдесінде тұрды ма, тексеріп көрді. Құрылыстың аяқталар уақыты әлдеқашан жеткен. Алайда спорт нысандары бұрынғыдай аянышты күйде. 

Ойын алаңдарын күтіп жүрген өрендер көп. Бірақ, Ермұханов мырзаның қозғалатын түрі жоқ. Мұндай шенеуніктер туралы халық: «құлаққа кеспе ілді» дейді.

Жаңа Әділетті Қазақстанда «басқарушылар» тарапынан адамдарға мұндай қарым-қатынас көрсетуге жол берілмейді.

«Халық Қаһары» азаматтық науқанының белсенділері Нұржан Ермұханов туралы атыраулықтардың пікірін білді.   Нәтижесінде Нұржан Ермұханов уәдесін орындамаған шенеуніктерге табысталатын  «Халық Қаһары» анти-жүлдесі, LRT бейнесіндегі мүсіншемен марапатталды. Алайда Ермұханов мырза бұрын уәде берген видеожазбасын көрсетсе де, мойындамай, оны қабылдаудан бас тартты.

«Халық Қаһары» азаматтық науқанының көшбасшысы, Әлихан Сәрсенов «Мен шенеуніктерге, басшыларға, директорларға, басқарушыларға және халық алдында жауапты барлық адамдарға айтамын! Қарапайым бір нәрсені есте сақтаңыздар. Егер мәселе шешілмесе, жұрт оны ұмытады деп ойламаңыздар. Керісінше, қалалықтар әділдік орнатып, өздерін алдап жүргендермен кездесуді талап ететін болады. Біздің жобаның міндеті – осы кездесуді ұйымдастыру. Біз мұны міндетті түрде орындаймыз. Мұндай жағымсыз, ұят кездесуден аулақ болудың бір ғана жолы бар. Халық игілігі үшін жұмыстарыңызды тиімді және адал атқарыңыздар. Жаңа Әділетті Қазақстанға лайық әрекет етіңіздер» деп ескертті.  

 

Байланысты жаналықтар

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

01.04.2025

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

29.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025
MalimBlocks
"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен