Bek Air ұшағы апатының тергеуі неге 5 жылға созылғаны белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 05.02.2025

Бас көлік прокуратурасы 2019 жылғы Bek Air ұшағы апатын тергеу неге 5 жылға созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ведомствоның 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылды.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, республиканың көлік инфрақұрылымының бір проблемасы - білікті мамандардың тапшылығы.

"Мысалы, көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің әлсіздігіне байланысты 2019 жылы Bek Air әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырауын тергеу 5 жылдан астам уақытқа созылды. Тергеу басқармасындағы 6 тергеушінің біреуі ғана жеткілікті тәжірибеге ие болды. Білікті кадрлардың тапшылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі де бастан өткерген. Прокуратураның бірқатар ұсынуларынан кейін Көлік министрлігі 2024 жылы өз қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру және тағылымдама курстарын шетелде де ұйымдастырды, тергеушілер штатын құруға кадрлық тәсіл қайта қаралды. Бұл белгілі бір дәрежеде Ақтау қаласы маңындағы Әзербайжан әуе компаниясының соңғы апатын тергеудің сапасы мен деңгейіне оң әсерін тигізді", - делінген хабарламада.

Ведомство Bek Air әуе кемесінің апатқа ұшырағаны туралы сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталды, іс материалдарымен қылмыстық процеске қатысушылар танысып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, Bek Air ұшағының әуе апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған еді. Ұшақ Алматыдан Астанаға (ол кезде Нұр-Сұлтан) бағыт алған болатын, бірақ ұшқаннан кейін бірден биіктігін жоғалтып, қоршауды бұзып, әуежай маңындағы екі қабатты коттеджге соғылды. Ұшақ бортында 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Ал 2024 жылғы желтоқсанда Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайтадан жүргізілуі мүмкін екені айтылған еді.

Фото: "Атамекен" ҰКП

Байланысты жаналықтар

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

13.04.2025
MalimBlocks
Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Маңғыстау облысында жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр