Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Жоғарғы сотқа жүгінді

Ол Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырып, балаларының тегін өзгерткісі келген

Мадина Қайнарова

  • 27.09.2024

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырып, балаларының тегін өзгерткісі келген. Осы бойынша ол сотқа арызданды. Алайда сот оның арызын қабылдамай қойған.

Бұл туралы Назым Қаһарман Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру бойынша арызды Салтанат Нүкенова оның заңды әйелі болмағандықтан қабылдамаған екен. Яғни, ол өзінің туысын немесе отбасының мүшесін өлтірген болып саналмайды.

Сонымен қатар Назым Қаһарман балаларының тегін өзгерту туралы арызынан да бас тартылғанын айтады. Енді ол Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгінбек.

- Менің ойымша, бұл әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын - біздің сотқа назар аударыңыз, - деді ол.

Фото:  inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды