Конституциялық Сот «Төрелік туралы» заңнаманы жетілдіру мәселесін қарауды ұсынды

Конституциялық Сот жеке тұлғаның өтінішін қарады

Мәди Саматұлы

  • 14.09.2024

Конституциялық Сот «Төрелік туралы» Заңның 52-бабы 3-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы жеке тұлғаның өтінішін қарап, көрсетілген норманы Конституцияға сәйкес деп таныды, деп хабарлайды Malim.kz.

Конституциялық Сот мәлімдеуінше, аталған норма төрелік шешімнің күшін жою және атқару парағын беруден бас тарту туралы өтінішті қарау кезінде сот төрелік шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.

Сонымен бірге, Конституциялық Сот құқықтық салдардың заңдық дәлдігі мен болжамдылығына қатысты құқықтық актілерге қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаған.

Конституциялық бақылау органы қорытынды шешімінде заңдардың нормалары жеткілікті анықтықпен тұжырымдалуы керек әрі оларды қолайсыз түсіндіру мүмкіндігін болдырмайтын түсінікті критерийлерге негізделуі тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкіметке қаралған заңнамалық актілердің нормаларының құқықтық анықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында «Төрелік туралы» заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды, деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Трамп «АҚШ тарихындағы шындықты қалпына келтіру» жарлығына қол қойды

28.03.2025

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов

18.03.2025

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

15.03.2025

Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешімді айтты

14.03.2025
MalimBlocks
5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды