Психикалық орталықтағы зорлық. Күдіктілер ұсталды

Қыз жүкті болып, жасанды түсік жасатқан

Malim Админ

  • 04.12.2024

Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығының екі қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер кәмелетке толмаған науқас пен 21 жастағы қызды зорлады деп айыпталып отыр.   


Психикалық дертке шалдыққандарға арналған медициналық мекемедегі атышулы істі тергеу барысында жаңа деректер белгілі болды.

Полицияға алдымен шизофрениямен ауыратын 17 жастағы қыздың анасы хабарласқан. Ол қызының облыстық психикалық денсаулық орталығында емделіп жатқанда сондағы қызметкерлерден зорлық-зомбылық көргенін айтқан.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, аурухананың екі қызметкері қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, төсекке байлап тастаған. Күшті дәрілер салғандықтан, қарсылық таныту мүмкін болмаған. Содан қыз жүкті болып, жасанды түсік жасатуға мәжбүр болған.

Дәл осындай жағдайды сол мекемеде емделген 21 жастағы науқас қызда бастан өткерген. Ол да санитар қызметкерлдердің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Жәбірленушілердің туыстары тергеудің кешіктіріліп жатқанына шағымданған болатын. Бақылау камерасындағы бейнежазбаны көруге рұқсат бермегенін, яғни, бұл айғақтарды табу процесін қиындатып жатқанын жеткізген еді.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева тергеудің жалғасып жатқандығын мәлімдеді.

— Бұрын хабарланғандай, полиция психиатриялық ауруханада зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Екі күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, - деді Бағлан Исатаева.

Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы көпшілікті алдын ала қорытынды жасауға асықпауға, тергеудің аяқталуын күтуге шақырды.

— Расталмаған ақпаратты таратудан бас тартып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Бұл жалған ақпараттың алдын алады және тергеудің объективтілігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ жүргізіп жатқан тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ. Сондықтан алдын ала тағылған айыптар негізсіз, - делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.

Сондай-ақ «айыптар расталса, психиатриялық аурухана қызметкерлері қылмыстың ауырлығына қарай жазаланады»,- деп қосты департамент. Әйтпесе, олар жала жабу және негізсіз айыптау үшін сотқа шағымдануға құқылы.

Фото: 24tv.ua 

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды