Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор өз үйінде сату мақсаты болмаған, бірақ жеке пайдалануы үшін құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп, өсірген екі сотталушының кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші сотталушы үй бөлмесінде тұқымдар мен қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала сатып алып, каннабис (қарасора) өсірген.

Екіншісі өз үйінің бақшасында өсірген.

Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Астана қаласы прокуратурасы құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп, өсіру үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Айта кету керек, заң бойынша есірткі, психотроптық заттар және сол тектестер өнімдерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жайттары үшін мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: Астана қаласы прокуратурасы

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады