Қорғаныс министрлігі әскерге көшеден ұстап әкету жайын түсіндірді

Әскерден жалтарғандарға заңда жауапкершілік қарастырылған

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қатысты неге рейдтер жүргізгенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар таратылып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жылына екі рет (көктемгі және күзгі әскерге шақыру) жүзеге асырылатын әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндіруге өкілетті.

Министрлік өкілінің айтуынша, шақыру науқандары барысында кейбір азаматың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы келмеу фактілері байқалады. Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды. Ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі.

Рейд кезінде кейбір азамат ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген адамдардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери қызметке шақыруға негіз болмаған жағдайда оларды үйіне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық комиссиядан өтуге және шақыру шеңберіндегі басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді, дейді министрлік өкілі Руслан Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

29.04.2025

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

21.04.2025

Қазақстан бітімгерлерінің қалған бөлігі Голан жоталарынан оралды

20.04.2025
MalimBlocks
Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Министр әскерде соққы алған Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

Қазақстан бітімгерлерінің қалған бөлігі Голан жоталарынан оралды