Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында жойылған есірткі зертханасының кадрлары жарияланды

Құқық
Қостанай облысында жойылған есірткі зертханасының кадрлары жарияланды

Биыл 15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰҚК мәлімдеуінше, психотроптық заттарды дайындау кезінде екі ел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Тінту барысында 2 келіге жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ, зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді, деп жазылған мәлімдемеде.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: ҰҚК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу