Құрылыс саласында 1,3 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 21 факті бойынша материалдар уәкілетті органдарға берілді

Malim Админ

  • 29.08.2024

Жоғары аудиторлық палата құрылыс саласында баға белгілеуге аудит жүргізуді аяқтады. 

Мемлекеттік аудит барысында барлығы 1,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану  – 14,2 млрд теңгеден астам, экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда – 530 млн теңге. Одан бөлек 26 жүйелік кемшілік пен 88 рәсімдік бұзушылық анықталып отыр.  Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 21 факті бойынша материалдар уәкілетті органдарға берілді.

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, құрылыстағы баға белгілеуге әсер ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде бірқатар олқылықтар мен кемшіліктер бар.

Мысалы, базалық кәсіпорындар, яғни, өнім берушілерді іріктеуде нақты өлшемшарттар мен ашықтық жоқ, олардың негізінде бағаларға бақылау жүргізіледі және құрылыста сметалық-нормативтік база қамтамасыз етіледі. Бұл құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтардың бағасын бақылауға да қатысты. Бұл ретте компаниялар белгіленген есептілікті ұсынбағаны үшін жауап бермейді (1-СМИО).

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада да кемшіліктер анықталған. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында мердігердің сметасына (офертасына) сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру туралы ережелер ескерілмеген.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнама технология мен конструктивтік бөлікті сақтай отырып, құрылыс жобаларын түзету мен қымбаттаған жағдайда техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін көрсету туралы шарттардың сомасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қадағалау қызметтерінің бірдей көлеміне қарамастан бюджетке қосымша жүктеме әкеледі.

Бірдей объектілерді салу кезінде артық құн фактілерін болдырмау үшін құрылған құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінде 6 706 жоба бар. Ал соның ішінде 5 665 (84,5%) жобаны пайдалануға авторлық (мүліктік) құқығы жоқ.

Жалпы осы мемлекеттік банктің жобаларын қолдану бойынша нақты құралдар мен нормативтік талаптардың болмауына байланысты олар өте сирек пайдаланылады. 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 55 жоба берілді, бұл авторлық құқығы бар жобалар санының 5% құрайды (1 041 бірлік).

Бұл жобалар бюджет қаражаты есебінен жасалып, біздің каталогқа түседі, бірақ авторлық құқық берілмегендіктен оларды қайта қолдана алмаймыз. Егер тапсырыс беруші бюджеттік немесе квазимемлекеттік ұйым атынан белгілі бір өнімді жасау үшін ақша төлесе, ол толығымен тапсырыс берушінің меншігіне өтуі керек. Қазір осыған байланысты дайын жобаларды қайта қолдана алмай отырмыз. Бұл мәселені қалай шешесіздер?» — деді Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова бүгінгі күні алғаш шарт жасасу кезінде мүліктік құқықты беру туралы тармақтарды белгілеудің заң бойынша мәселе туындатпайтынын атап өтті. Бұл – мемлекеттік органдар тарапынан тәртіп мәселесі. Осыған байланысты бұл тармақ сақталуы үшін бюджеттік жобалар бойынша шарттың үлгілік формасын әзірлеу қажеттігін айтты.

Мемлекеттік аудит саладағы нақты инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезіндегі жүйелік проблемаларды көрсететін бұзушылықтар мен кемшіліктерді де анықтады. Мәселен, ШҚО-ның Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу жобасы 31,2 млрд теңгеге, ал Өскемендегі Гематология орталығының құны 32-ден 72 млрд теңгеге дейін қымбаттаған.

Фото: bigfoto.name

Байланысты жаналықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары жауапкершілікке тартылды

11.10.2024

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

26.09.2024

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

19.09.2024

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

04.09.2024

Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиядан айрылды

27.08.2024

Жезқазған-Қызылорда автожолы қашан аяқталады?

23.08.2024
MalimBlocks
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары жауапкершілікке тартылды

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.

Аудиторлық палата: Экология мен инновацияға аз қаржы бөлінеді

Бұл мемлекеттік аудит қорытындысынан белгілі болды

Тексерістен кейін Қызылағаш су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бөгеттің бір бөлігіне жөндеу жүргізілмеген

Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиядан айрылды

Қала әкімдігі жүргізген тексеруде 426 олқылық анықталған

Жезқазған-Қызылорда автожолы қашан аяқталады?