"Шаңыраққа қара, заңды сыйла!". Депутаттар Air Astana басшысына шүйлікті

Malim Админ

  • 23.12.2024

Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуе компаниясының қызметін сынға алды.


- Шынында да Air Astana біздің аспанымыздың құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындағанда көтеріледі. Ол арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме. Билет жақындағанда қалай көтеріледі? Жақындаған кезде көтерілмеуі керек, бағасы түсуі тиіс. Өйткені билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Air Astana, лоукостер мәселесін майшаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana компаниясының басшысы), сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз қажет. Мұсабаев екеуіміз (Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев) 1 сағат кешіккенге 3 пайыз айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы сызба әзірлеп қойған. Сайтқа кіріп өтінім беріп, ақшаны алу қиын. Мен әлі жүрмін. Оны аламын да. Ал енді алатын болсаңыз, «жазбаларыңызды, ақшаңызды ешкімге жарияламау керек» деп шарт қояды, - деді депутат.

Осы орайда ол Көлік министрі Марат Қарабаевқа өтемақыларды алуды жеңілдету қажеттігін айтты. Депутаттың атап өтуінше, әуе компания сайтынан өтемақыға өтінім беру өте қиын.

- Air Astana-ның мультимедиасының көбі басқа тілде. Мемлекеттік тілдегі контент өте аз. Оны орнына келтіру қажет. Ол да үлкен мәселе. Кеңістігімізде ұшып жүр, өзіміздің компания санаймыз. Ендеше неге мемлекеттік тілге басымдық бермейді?! Фостер мырза, сіз Парламентке бірінші рет келіп отырсыз. Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ, сіз Қазақстан аумағына келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз, заңын сыйлауыңыз, жағдай жасауыңыз қажет. Ақшаны бәріміз де жақсы көретін шығармыз. Бірақ, ақшаны жақсы көремін деп билетті көтере бермеңіз. Күнде жалақы көтеріліп, күнде отын бағасы қымбаттап жатқан жоқ. Территориямыздың арақашықтығы күнде резеңке ұқсап созылып жатқан жоқ. Ал сіздер бағаны көтересіздер. Билет бағасы 60 мыңнан 120 мыңға дейін кетіп қалады, - деді Еділ Жаңбыршин.

Фото: tengrinews.kz. 

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды