Тарифті негізсіз көтеру. Ұялы байланыс операторлары тексеріліп жатыр

Бағаны ұстап үстемдік көрсету байланыс операторының монополиялық кірісін тәркілей отырып, айыппұлға алып келеді

Malim Админ

  • 07.02.2025

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының тарифті жөн-жосықсыз көтеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Қазір агенттік ұялы байланыс операторларының 2024 жылы және 2025 жылдың басынан бастап бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуынан бағаның өсуіне әкелетін іс-әрекеттерді қарап жатыр. Агенттік операторлардың тариф бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтаған кезде тергеу рәсімі тағайындалады. Осы орайда, тарифтерді көтерудің негізі тек тергеу шеңберінде тексерілуі мүмкін. Тергеу - бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған монополияға қарсы органның іс-шарасы, - делінген ресми сауал жауабында.

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ, (Activ), «Мобайл Телеком–Сервис» ЖШС (Теле2/Алтел) және «Кар-Тел» ЖШС-не (Beeline) қатысты бұған дейін басталған тариф бағасын бір мезгілде көтеру, яғни бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілері бойынша тергеу амалдары аталған операторлардың сот тәртібімен шағымдануына байланысты күшін жойғанын мәлім етті.

- Заң бұзушылық фактісі Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін тергеу қорытындылары бойынша ғана анықталуы мүмкін, - дейді агенттіктен.

Байланыс операторларына қандай жауапкершілік көзделген

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 159–бабына сәйкес, субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, монополиялық жолмен жоғары бағаны белгілеу, бағаны ұстап үстемдік көрсету байланыс операторының монополиялық кірісін тәркілей отырып, айыппұлға алып келеді.

Сонымен қатар, аталған кодекстің 226-бабының 2-тармағына сәйкес (монополияға қарсы ден қою шаралары), норма бұзылған жағдайда субъектілер (байланыс операторлары):

1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес заң бұзушылықты тоқтатуға және оның салдарын жоюға, нұсқамада көзделген өзге де әрекеттерді орындауға міндетті;

2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті;

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.

Фото: pixabay.com


 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды