Тойда уланғандарға мейрамхана иесі 5 млн теңгеден астам өтемақы төлейтін болды

Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған

Malim Админ

  • 19.11.2024

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 18 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен өтемақы талап еткен еді. Сот шешімімен мейрамхана иесі арызданушылардың жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам шығындарын өтейтін болды.


Биылғы сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған.

Оқиғадан зардап шеккендер көп болса да, соның ішінде 18 адам ғана мейрамханадан моральдық және материалдық өтемақы талап еткен.

Екібастұз қалалық сотынан хабарлағандай, мейрамхана иесі зиян шеккендерге жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам өтемақы төлейді. Тамақтан ұшынған қонақтар денсаулығына байланысты жұмыста болмаған уақыты үшін келтірілген материалдық шығынды өтеуді сұраған. Сұралған сомалар мөлшері 1318 теңгеден 188 462 теңгеге дейін. Бұған қоса мейрамханадағы қонақтар арасында кәмелет жасына толмағандар да болған, олардың моральдық тұрғыдан зиян шеккені үшін арызданушылар 200 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін талап еткен.

Фото: zhaikpress.kz

Байланысты жаналықтар

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

27.03.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025

Тоқаев түрмедегі балалы әйелдердің мәселесін қарауды тапсырды

14.03.2025

Ұлыбританияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қорғала ма?

12.02.2025

Былтыр мың жарым баланың құқығы қалпына келтірілген

31.01.2025

Былтыр елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,5 млрд теңге жалақысын бермеген

13.01.2025
MalimBlocks
Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады

Тоқаев түрмедегі балалы әйелдердің мәселесін қарауды тапсырды

Заң алдында бүкіл азамат тең болғанымен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдердің жағдайымен санасу қажет

Ұлыбританияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қорғала ма?

Былтыр мың жарым баланың құқығы қалпына келтірілген

Оқу-ағарту министрлігі тексеріс нәтижесін жариялады

Былтыр елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,5 млрд теңге жалақысын бермеген

Одан бөлек, 8 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы тіркелген