Хасанның ұсталуы «хутор» бандасының бар екенін растай ма? - ІІМ

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов тергеу ісі жайлы айтты

Malim Админ

  • 27.11.2024

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне байланысты тергеу ісі жайлы айтты. Сондай-ақ, "Хутор" бандасын басқарды делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталуына байланысты Malim.kz тілшісінің сұрағына жауап берді. 

"Талғар оқиғасы бойынша 5 қылмыстық іс тергелуде. Арнайы топ тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысы біздің министрліктің бақылауында. Заңды шешім қабылданып, қосымша ақпарат беріледі. Ал Хасанның ұсталуының "Хутор" бандасымен байланысы жоқ. Қасымбаев 2021 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде қамауға алынды",- деп түсіндірді Санжар Әділов.  

Сондай-ақ, Алматы полиция департаменті ҚазТАГ редакциясына  бұған дейін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшысы делінетін Хасан Қасымбаевтың қылмысқа қатысы және Алматы облысының Талғар ауданындағы заңсыз карьерлер туралы жариялаған ақпаратқа қатысты сұрауына жауап берді.

"ІІМ құзыреті шегінде пайдалы қазбалар мен бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың, оның ішінде Алматы облысында қызметін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда. Нәтижесінде, биыл Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылының ("Үлкен Алматы каналының" сол жағалауы) аумағындағы Талғар өзенінің бойында 27 455 текше метр аумақта "балласт" жалпы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі сұрауға жауап бере отырып. Алматы облысының полиция департаментінде Талғар ауданы бойынша 11 жұмыс істеп тұрған карьер бар, онда өндірістік жұмыстар жүргізілуде. "Оның тоғыз келісімшарты, екі лицензиясы бар. Аталған карьерлерде өндіру уәкілетті органдар берген лицензия негізінде жүргізіледі. Құжаттарды тексеру кезінде заң бұзушылық анықталған жоқ. Заңсыз өндірудің жолын кесу және кінәлілерді жауапқа тарту үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Карьерлер қызметінің заңдылығын тексеруге кешенді комиссия құру үшін біз Алматы облысы бойынша экология департаментіне сұрау салдық, сондай - ақ сусымалы жүктерді тасымалдайтын адамдарды тексеру үшін "Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ-ге сұрау салдық", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Фото:  КазТАГ 

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

16.05.2025

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

16.05.2025

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

16.05.2025

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

Кәсіпкер 22 ата-анаға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

Бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отыр

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған