freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күн райына байланысты бірнеше өңірде оқушылар онлайн оқиды

Білім-ғылым
Күн райына байланысты бірнеше өңірде оқушылар онлайн оқиды
Астана әкімдігі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде І ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Қарағанды қаласының білім бөлімі бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшірілетінін хабарлады.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының білім бөлімі де бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқитынын мәлім етті. 

Павлодар облысында да, ауа райының қолайсыздығына (аяз) байланысты 24 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері (9 сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бүгін аяз күшейгеніне байланысты Астанада да бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқуға көшірілді.

— 2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Солтүстік Қазақстан облысында минус 30 градусқа дейін қатты аяз болады. Сондықтан 1-11 (кейбір жағдайда 12) сынып оқушыларына сабақ болмайды, яғни оқушылар онлайн форматта білім алады.

Еске сала кетейік, алдағы күндері түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз,а дейін төмендейтінін жазған едік. Солтүстік және орталық өңірлерде термометр көрсеткіші 28–37 градусты көрсетсе, шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу