Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

Спорт
Күтпеген нәтиже: Асу Алмабаев UFC-де техникалық нокаутпен жеңілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде  португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) кездескен.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жеткен жоқ. Асудың қарсыласы шыққан тегі анголалық Манел Капе үшінші раундта ширақ қимылдап, белсенділік байқатты. Асу қарсыласының ауыр соққыларына төтеп бере алмай, октагонды айнала қозғала бастады. Осы сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатып, оның аяқталғанын жариялады. Төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут.

Сөйтіп қазақстандық файтер UFC-дегі бесінші жекпе-жегін сәтсіз аяқтады. Ол осыған дейін қатарынан төрт рет жеңіске жеткен болатын. 

Жалпы, 31 жастағы қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі (ММА)  мәнсабында 21 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, үш рет жеңілген.  

Фото: UFC.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу