Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Әлем
Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь президенті Александр Лукашенкоға сайлаушылардың 86,82%-ы дауыс берді. Беларусь Орталық сайлау комиссиясының есебі осылай шықты. Бұл туралы жергілікті БЕЛТА агенттігі жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Беларусь Республикасы президенті лауазымына кандидаттар үшін берілген дауыстардың алдын ала нәтижелері былай шықты: 

- Гайдукевич Олег Сергеевич – 2,02%;

- Канопацкая Анна Анатольевна – 1,86%;

- Лукашенко Александр Григорьевич – 86,82%;

- Сыранков Сергей Александрович – 3,21%;

- Хижняк Александр Николаевич – 1,74%;

- Барлығына қарсы – 3,60%.

Бұл елдегі кезектен тыс жетінші президент сайлауы.

Айта кетейік, мұның алдындағы 2020 жылы өткен сайлауда Лукашенко ресми мәлімет бойынша 80,1% дауыс алған еді. Ол кездегі негізгі қарсыласы оппозиция тарапынан Людмила Тихановскаяға 10,12% дауыс тиген болатын. Қалған үш кандидаттың жинағаны 2%-ға да жетпеген.

Фото: belta.by

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу