Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Маған бұл ұнамайды»: Трамп Путинге жасалған шабуыл туралы пікір білдірді

Әлем
«Маған бұл ұнамайды»: Трамп Путинге жасалған шабуыл туралы пікір білдірді
Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болған телефон әңгімесін нәтижелі деп бағалап, оның барысында Путин Новгород облысындағы резиденциясына дрон арқылы шабуыл жасалуы мүмкін екені туралы айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Маған бұл ұнамайды. Бұл — жаман нәрсе», — деді Трамп.

Сонымен қатар ол шабуыл туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмеуі, яғни оқиға мүлде болмауы да мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда бұл ақпаратты жеке өзі Путиннен естігенін атап өтті.

Трамп бұл жайында енді ғана хабардар болғанын және нақты деректерді білмейтінін айтты.

«Маған мұны кім айтты дейсіз бе? Президент Путин. Таңертең ерте қоңырау шалып, өзіне шабуыл жасалғанын айтты. Бұл — жаман жағдай», — деді ол.

Сондай-ақ қазіргі сәт мұндай әрекеттер үшін қолайсыз уақыт екенін қоса кетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу