Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мағауия Сембай. Көпбейітте (Мұхтар Мағауинмен сапардағы баян)

Әдебиет
Мағауия Сембай. Көпбейітте (Мұхтар Мағауинмен сапардағы баян)
juzmedia.kz

2 ақпан көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің туған күні. Қаламы жүйрік публицист Мағауия Сембайдың “Алаштың алдаспаны” атты кітабында Мағауин ақсақал жөнінде келістіре жазған. Осы орайда Malim.kz оқырмандарының назарына қаламгердің "Әлемді Шыңғыс хан қылышпен жауласа, Мағауин қаламмен жаулайды" деген жолжазба мақаласынан үзінді жариялап отырмыз. 

— Менің нақты туған мекенім — Шыңғыстаудың түстік беті, Бақанас өзенінің басы, Байқошқардың құйғанынан тай шаптырым жатқан Көпбейіт деген қоныс, — деген Мұхтар Мағауин ағамыз алдында. Кеңсуаттан шығып, көтерме жолға түсіп, солай қарай қос көлікпен жүріп кеттік. Оң жағымызда күмбез қалып барады екен. Кейін салынғаны көрініп тұр. Белгілі Бегеш шешендікі болып шықты.

Бегеш Сабанұлы — Абайдың досы, шешен, Керей руының азаматы. Ақын да досқа адал, жүйрік, әділ Бегешті құрмет тұтқан. Сондықтан да Абайдың: «Керей маған Бегешін берсе, мен Тобықтының игі жақсыларының бәрін берер едім», — деген сөзі ел арасына тарап кеткен.

Данышпан Абай мен Шәкерім, Алаш арыстары басқан топырақпен танысу Мұхтар Мағауин ағамыз туған Бақанас өзенінің жағасындағы жартасты биік қабақтан басталды.

Қос босағатай тар сайды қақ жарып өзен ағып жатыр. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов келістіре суреттейтін тарихи Бақанас өзені. Осы жердегі үлкен атасы Құрымбай бастаған ата-әжелері мәңгілік тыныс тапқан қорымды аралатты. Зираттар артығы-шашексіз, зәулімдетпей-ақ салынған. Солай болғанымен әсем, әдемі, айдынды. Жазушыны Абай, Шәкерім, Алаш зиялыларының рухында тәрбиелеп өсірген Мағауия атасының көктастағы түлкі тымақты келісті келбетіне қарай бердік. Осы тұстан бастап оқырманға менің баяндағанымнан гөрі, Мұхтар ағамыздың өз аузынан айтылған әңгіме тартымды боларын ескеріп, жазушының өзіне көбірек сөз беруді жөн көрдім.

— Үш ұл туған Құрымбайдың әулеті заманында өсіп-көбейіп қалған. Кенже ұлы Бекмағамбеттің кіндігінен бала болмаған. Құрымбайдың ортаншы ұлы Мағауия да, ерте үйленгеніне қарамастан, жеті-сегіз жыл бойы перзент көре алмай жүреді. 1915 жылы қаңтарда ағасы Берікбол ұлды болады, үлкендердің шешімімен, жаңа туған нәресте Мұқан — Мағауияға тиесілі деп табылады. Бұл Мұқан — менің туған әкем. Мен аға дейтін едім. Сонда Құрымбайдың үш ұлынан қалған жалғыз ұл — Мұқан болады. Мұқаннан — жалғыз мен.

Шыр етіп дүниеге келген сәтімнен бастап атамның баласы болдым. 1940 жыл, 29 қаңтар — мен туғаннан соң төртінші күні 2 февральда толтырылған куәлікте: «Әкесі — Құрымбайұлы Мағауия», — деп жазылған. Өз әке-шешемді мойындаған емеспін. Бастан-аяқ атам мен әжемнің тәрбиесінде өсіп-жеттім. Шешем байғұс өлe-өлгенше мені құшақтап сүйе алмай кетті. Мағауия ақсақалдың есімі — менен басталған бүкіл әулеттің лайықты сыйы болып қала бермек, — деп Мұхтар ағамыз әңгімені өз басындағы жайды ашып айтты.

Жазушының кіндік қаны тамған атақонысынан көп ұзамадық. Мұхтар ата көліктерді кідіртіп, көтерме жолдың үстімен біз Бақанас өзенін бойлай келе жатқамыз.

Құрымбай ата — ұлы Абаймен сыйлас қана емес, аралас, дос-жар да болған адам. Кемеңгер замандас, жас кезінен-ақ үлкен-кіші Абайға қарап, халқымыздың тарихи жадын таныған.

Біздің Құрекеңді әжемнің шешіре, қазақы рухты терең білгендігі үшін, ең бастысы — кісілігіне орай қатты құрмет тұтқан сияқты. Абай өзінің ақсақалын өз тарапынан шақыртады екен. Ел жайын, ескілік жөнін сұрайды.

Бір жылы, қыс көзі қырау, ақпанның аязында Абай шұғыл хабаршы жіберіп, менің бабам Құрымбайды шақыртыпты. Бақанаста, Көпбейітте ата қыстауында отырған біздің ақсақал күйлі, қыр атпен ақ қар, көк мұзда шынға асып, ара қонып, Абай отырған Ақшоқыға жетеді. Абай Тобықтының бір топ игі жақсыларымен кеңес құрып отыр екен дейді. Біздің ақсақал босағадан аттап, төрге озу мағнадай, — деп сәлем береді. Абай жауап қайтарады.

Абай жаққа қалқиып келген деуші еді осы әңгімені маған көп жылдар бойы айтып кеткен әкем Мағауия. Сәлемнің бетіне байыппен жауап қайтарады екен. Содан соң Абай бұй жымиып: «Ассалаумағалейкум», — деп өзі қосылып сәлемдескен.   

— Ассалаумағалейкум! — Абай бұл жолы сәлемді өзі бастайды. Шынысын айтқанда, сыртынан арықтау көрінген кісіге бажайлап қарайды. Бірақ көп бөгелместен: «Құрымбай, неше жыл болды?» — деп сұрайды.

— Бұдан елу жыл және бір мүшел және бес… алты жыл, — деді Абай. — Тура. Алпыс жеті жыл болды. — Риясыздықпен алдындағы аңтарылып қалған қасқа-жайсаңға қарайды. — Бірақ қай есепке сыйғызып айттың?

Босағадан төрге озып үлгермеген біздің ақсақал сонда ғана салтама ететін қарт, тымағын шешіпті.

«Әкем Біткен атамның өмір тартылып, көпір низам шыққан жылы туған үлкен ұлының атын Жаманкүл қойған екен, сол Жаманкүл алпыс бір мүшелінде дүние салды, биыл — жетінші жыл». Абай күліпті. «Тіпті, оңай болды. Жаманкүл ағанды аса ауыл ғана білді. Тағы қандай есепке сыйғызасың?»

Марқұм Құлекең қажы Бешнау жандармдардың оң тізесіне отырып, Ақарыс пен Жанарыстың Алатаудағы сиясына төре бергенде, одан соң Кенесары хан қырғыздан өлгенде ескі низамның шыққанына шамамен екі мүшел болған екен деуші еді әкем. Ал Алатау сиясы кезінде қажы қырыққа жаңа ілінген, Абай ағамның тәй-тәйлап жаңа жүрген кезі…

Абай біздің ақсақалдың бетіне барлай қараған қалпы аз ғана бөгеліпті де, игі жақсылармен арадағы үзілген кеңесін ары қарай жалғастыра беріпті…

Содан соң не болғанын сұраушы едім мен өз әкем, дәлірек айтсақ, үлкен әкем Мағауиядан. Не болушы еді? Ақсақал сыртқы киімін шешпей, төрге шығып, тиесілі орнына, яғни арнайы шақырылған мейман ретінде жоғары ұш күн бойы Абай ауылында қонақ болады, қаз-қатар, жал-жая, қызбылықты әңгіме, келелі кеңес… Содан соң рұқсат сұрап, үйіне қайтады.

Абай бір-ақ ауыз сөзін жауабын есту үшін соншама қысталған уақытқа сенімді жерден арнайы шақыртқан екен. Және өзі білетін сөз. Мен ойлаймын, Абай Ресей империялық өкіметіне қатысты әлденені қарап отырып, ақ патшаның қазақ даласында хандық үкіметін жойылатыны туралы 1822 жылғы жарлығын оқыған, содан соң атағы жұртты шолып, жорға, ырқы-жарқысынан айырған даланың халі, қысты ел ішінде әлі де дәстүр сақталған-сақталмағанын білгісі келген. Біздің ақсақалдың жауабын қарап, халықтың тарихи жадын таңғалтып қуанған.

Қазаққа түскен қасіреттің ел есіндегі көрінісін аңдау — жұрт аузындағы тарихи тұрғыдағы әңгіме, ескіліктің жерлерінің нақтылық сипаты туралы да ұшқыр түйінге келмек сияқты. Абай өзінің ақсақалын өз тарапынан шақыртады екен. Ел жайын, ескілік жөнін сұрайды.

Жалпы, Құрекең Абайды сыйлаған, аса жақсы көрген. Өз Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жадына түйген Абай Алаштың бар зиялысын бір бойына жинақтаған еді. Өз жұртының асыл қазынасын Шығыстың даналық өлшеміне салып, Батыстың жаңа білімін негіздеген. Бұл орайда өз әкесінің Куанбай қажыдан бастап, ат жетер жердегі алыс-жақын қазақтың бетке шығар, үлкенді-кішілі барлық игі жақсыларынан тағылым тартқан, ойының, танымының асқақ биігіне жетіп, көзі тірісінде, қырыққа жаңа ілінген жасында қазақтың бірден-бір рухани көсеміне айналған.   

Біздің Құрекеңнің Абаймен жақындығына ұйытқы, үстеме бір оқиға 1886 жылы болған. Абай жаз жайлауға Бақанастың көгілдір жағасына шықты. Бұл — Керейге тиесілі аймақ, бос жер әуелде жоқ. Құрекең Абайды өзінің ата қыстауы — Көпбейітке әкеліп қондырған екен.

Жай ғана кең жайлау, мамырлы тіршілік емес, ұлы Абайды ақын ретінде өнердің кең өрісіне бастаған ерекше оқиға болып шығады. «Жаз» өлеңін қалай жазғаны туралы Көкбай естелігінде айтылады. Одан соң, мәселен, «Желсіз түнде жарық ай». Қайтсе де мен бұл өлеңнен Бақанас суретін танимын. Ата қыстаудың іргесіндегі Бақанас шатқалға құлайтын терең сай, Қос Босаға аталатын екі шоқының арасындағы сарқырама, өзен бойындағы көк шалғын мен қалың ағаш тек осында ғана кездеседі.

Көпбейітте мерейі өсіп, рухы шалқыған ұлы Абай Құрымбай атамның бүкіл әулет-жұрағатын мәңгі көтеретін бата берген екен: «Сөз ұстаған ұл тусын, Ел ұстаған би тусын!» — депті.

«Тәубе, қабыл, әйтпесе тұқымсыз кетпесем болды», — депті біздің шал елбелеп. Ай өтті, күн өтті, жыл өтті, келер жазда, екі әйелі болса да, төрт ағайынды болса да, Алла қаншама ақылды, сұлу қыз берсе де, бүкіл әулетінен бір ғана ұлға зар болып отырған Құрекеңнің шаңырағында ақ түйенің қарны жарылып, аппақ ұл туады — бауы берік болсын деп, атын Берікбол қояды; арада екі жыл өткенде тағы бір ұл дүниеге келіпті — Абайдың өзінің сүйікті баласының құрметіне атын Мағауия қояды; түгін өшпей, шаңырақ құламай, осы екі ұлдан бір жалғыз тұяқ, ол заманның қалай талқысына түсіп, тағы бір жалғызға жарық беріпті; сөйтіп, арада елу төрт жыл өткенде, үшінші толқында біз дүниеге келіппіз — сол шаңырақта, сол қоныста. Абай атамның батасы орайын тауыпты.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу