freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО орталығында 11 сынып түлектері 2,5 мыңға жуық көшет отырғызды

Қоғам
ШҚО орталығында 11 сынып түлектері 2,5 мыңға жуық көшет отырғызды
Фото: ШҚО әкімдігі

Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараға шамамен 2,4 мың мектеп түлегі қатысты.

Олар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге «Өскемен» аллеясына екі жарым мыңға жуық көшет отырғызды.

Бұл іс-шара мектеп түлектері үшін ерекше оқиғаға айналды. Әр ағашты оқушылар өз қолдарымен екті.
Енді әрқайсысының туған қаласында өз «жасыл белгісі» бар деуге болады.


Өңір басшысының айтуынша, мұндай бастама облыс орталығын көркейтіп қана қоймай, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

«Уақыт өте келе бұл аллея түлектер қайта оралып, өздері отырғызған ағаштардың қалай өсіп жатқанын көретін ерекше орынға айналады»,– деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу