Дональд Трамп АҚШ-тың Германия аумағындағы әскери қатысуын айтарлықтай қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл қысқарту бұрын жарияланған шамамен 5 мың әскери қызметкерді шығару жоспарынан да әлдеқайда көп болмақ.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі Германиядан шамамен 5000 сарбазды шығару туралы шешім қабылдаған еді. Бұл елдегі америкалық контингенттің шамамен жетіден бір бөлігіне тең.
Сонымен қатар, Трамп Испания мен Италия аумағынан да АҚШ әскерін әкету мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол бұл елдердің Иранға қарсы әскери іс-қимылдарда жеткілікті қолдау көрсетпегеніне көңілі толмайтынын жеткізді.
Өз кезегінде НАТО өкілдері АҚШ-пен бірге Германиядағы әскер санына қатысты шешімнің мән-жайын нақтылап жатқанын хабарлады. Альянс өкілдері бұл өзгерістерге қарамастан, қорғаныс пен тежеу қабілеті сақталатынына сенімді екенін атап өтті.