Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Макрон Майоттада болған апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялайды

Әлем
Макрон Майоттада болған апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялайды

Дүйсенбі күні кешке қатты дауылдан зардап шеккен Майотта аралындағы жағдайға байланысты Францияның министрлікаралық дағдарыс тобының отырысы өтті. 


Кездесу барысында Франция президенті Эмманюэль Макрон Майотта тұрғындарына көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауды қамтамасыз еткенін атап өтті. 

— Алдағы күндері мен Майоттаға өз азаматтарымызға, мемлекеттік қызметкерлерге және жұмылдырылған көмек көрсету күштеріне қолдау көрсету үшін барамын. Мәселе төтенше жағдайларға қарсы тұру және болашаққа дайындықты бастау туралы болып тұр. Әрқайсымыздың көңілін түсірген осы қайғылы оқиғамен бетпе-бет келіп, ұлттық аза тұту жариялаймын, — деді Франция басшысы.

Еске сала кетсек, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилоннан соң құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: Ақорда 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу