Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Макрон Украинаны қолдайтын елдер коалиция саммитін Парижде өткізеді

Әлем
Макрон Украинаны қолдайтын елдер коалиция саммитін Парижде өткізеді

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаны қолдайтын елдер коалициясының көшбасшылары Парижде бас қосатынын растады. Саммитте бейбітшілік сақтау күштерін жіберу мүмкіндігі мен Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz- ке сілтеме жасап. 

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, келесі аптада Еуропа көшбасшылары Франция астанасында бас қосып, Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысты ортақ ұстанымды талқылайды.

«Біз келесі бейсенбіде Парижде "қалағандар коалициясының" кезекті кездесуін өткіземіз. Жиынға Украина президенті Владимир Зеленский де қатысады», — деді Макрон Ұлыбританияда 20-дан астам елдің әскери қолбасшыларымен өткен кездесуден кейін.

Бұған дейін Макрон 30 елдің көшбасшыларын Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеуге шақырған еді.

Фото: interfax.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу