Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар": "Жігіттер" тобының әншісі балалық шағы туралы айтты

Қоғам
"Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар": "Жігіттер" тобының әншісі балалық шағы туралы айтты
ашық дереккөзден

"Qazaqstan" телеарнасындағы "Бәрекелді" бағдарламасының қонағы болған "Жігіттер" тобының әншісі Мырзахан Маханов өзінің балалық шағы мен отбасы бастан өткерген қиын кезеңдер туралы шын жүректен айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, ол еңбекке ерте араласып, өмірдің сынағын жас кезінен өткерген.

"Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар. Сынақ десе болады. Әкеміз ерте кетті де, біз еңбекке жас кезімізден араластық. Кезінде әкеміз қызғаншақ болып, анамыз жұмыс істемеген. Әкеміз кеткеннен кейін колледждің дипломымен жұмысқа шығуына тура келді. Әйтсе де анамыздың айлығы жетпейтін. Содан біз өз күнімізді өзіміз көруіміз керек деген ұстаныммен кафеге барып ән айттық. Әнді өңдеуді үйрендік. Үйге салмақ салмаймыз деп жатыр ғой. Салмақ салған күннің өзінде беретін ештеңесі жоқ қой. Бір киімді екі бала болып кидік. Сондай уақыт еді", – дейді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу