freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкердің мәйіті табылды

Оқиға
Маңғыстау облысының теміржол станциясында кезекші қызметкердің мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысындағы теміржол станцияларының бірінде жұмыс орнында жол айырығының кезекші қызметкері өлі күйінде табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Lada.kz мәліметінше, 5 шілде күні таңертең Маңғыстау облысындағы №13 жол айырығы станциясында 1983 жылы туған кезекші қызметкердің денесі табылған.

Бұл ақпаратты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болуы бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер келген кезде қызметкердің қайтыс болғанын растаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу